Дүниежүзілік банк Өзбекстан билігіне зейнет жасын көтеруге кеңес берді

0
662

Көптеген ел 1990 жылдардағы өтпелі реформалар кезінде зейнеткерлік жасты 2-3 жасқа ұлғайтты.


Дүниежүзілік банк Өзбекстан билігіне зейнет жасын көтеруге кеңес берді

ERNUR.KZ. Өзбекстан – зейнет жасы әйелдер үшін 55 жас, ерлер үшін 60 жас қалпында қалған бұрынғы Кеңес одағының құрамында болған жалғыз мемлекет. Осыған байланысты Дүниежүзілік банк ел билігіне зейнет жасын көтеруді ұсынды, деп жазады zakon.kz.

Дүниежүзілік банктің мәліметінше, көптеген ел 1990 жылдардағы өтпелі реформалар кезінде зейнеткерлік жасты 2-3 жасқа ұлғайтты.

2000 жылдардың екінші онжылдығында зейнет жасын көтерудің екінші толқыны басталды, сол жылдары кейбір елдер (Украина, Беларусь, Ресей) зейнет жасына қатысты ұзақ уақытқа созылған реформаларды қолға алды. Бұрын зейнеткерлік жасын көтерген елдер осы кезеңде әйелдер мен ерлердің (Әзербайжан, Армения, Молдова, Литва және Қазақстан) зейнет жасын біртіндеп теңестіруге ерекше назар аударды. Эстония, Латвия, Литва және Әзербайжанда зейнет жасы әйелдер мен ерлер үшін 65 жасқа дейін көтеріледі.

"Пандемия және жұмыссыздық өршіп тұрған кезінде зейнеткерлік жасты көтеруді бастау дұрыс емес. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, шешім қабылданған сәттен бастап оны іске асыру басталғанға дейін зейнеткерлік жастағы жұмысшыларға өмірлік жоспарларын түзете алатындай бейімделуге уақыт берген жөн".Дүниежүзілік банк Дүниежүзілік банк өкілдерінің пікірінше, 2025 жылдан бастап зейнеткерлік жасын 65 жасқа дейін біртіндеп (жылына 3-4 ай) арттыруды көздейтін 202-2030 жылдарға арналған ұлттық әлеуметтік қорғау стратегиясы шеңберінде шешім қабылдау оңтайлы нұсқа болар еді.