ЕАЭО-ның құрылғанына 10 жыл толды

0
398

ЕАЭО-ның құрылу тарихы және еуразиялық интеграцияның жетістігі туралы негізгі цифрлар.


ЕАЭО-ның құрылғанына 10 жыл толды

ERNUR.KZ. 29 мамырда елдер арасында экономикалық интеграция және ынтымақтастық орнату мақсатында құрылған ұйым – Еуразиялық экономикалық одақ күні аталып өтеді, деп жазады sputnik.kz.

2014 жылдың 29 мамырында Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше елдер – Қазақстан, Ресей және Беларусь президенттері Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шартқа қол қойды.
2014 жылдың қазанында Армения, ал желтоқсанда Қырғызстан ЕАЭО-ға қосылды.
Бүгінде ЕАЭО-ға Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь және Қырғызстан мүше.
ЕАЭО елдерінің жалпы халқының саны 185 миллион адамнан асады, оның 93,4 миллионы экономикалық белсенді халық.
Еуразиялық экономикалық одақ күні жыл сайын 29 мамырда аталып өтеді.
ЕАЭО елдерінің басшылары ЕАЭО күнін 2022 жылдың шілдесінде белгіледі.
2023 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО жалпы ішкі өнімінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейімен салыстырғанда 3,8%-ға өсіп, 2,39 трлн долларға жетті.
Қатысушы елдердің экономикасы табысты дамып келеді: 2022 жылмен салыстырғанда тауарлар өндірісі 3,1%-ға, қызметтерді өндіру 4,4%-ға өсті.
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда ЕАЭО-да өнеркәсіп өндірісі 3,7%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 8,6%-ға, бөлшек сауда 6,6%-ға өсті.
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одақтың өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне шаққанда 103,7% құрады. Атап айтқанда, Беларуста (7,7%), Қазақстанда (4,3%), Арменияда (4,1%), Ресейде (3,5%) және Қырғызстанда (2,7%) өсті.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 7,4%-ға, электрмен жабдықтау, газ беру және ауа баптау саласында 0,3%-ға ұлғайды.