Электр ұшақ жылдам ұшудан рекорд орнатты

0
933

Компанияның мәлемдемесінде ұшақты сынау кезінде 623 км/сағ жылдамдық көрсетті делінген.


Электр ұшақ жылдам ұшудан рекорд орнатты

ERNUR.KZ. Британдық Rolls-Royce индустриялдық компаниясы (авиация қозғалтқыштары және қымбат автокөліктерімен танымал) Spirit of Innovation электр ұшағы өзінің санатында әлемдік жылдамдық рекордын жасағанын мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

Компанияның мәлемдемесінде ұшақты сынау кезінде 623 км/сағ жылдамдық көрсетті делінген.

Дүниежүзілік әуе спорты федерациясы әзірге рекордты растамады, расталған жағдайда, бұл электр ұшағы көрсеткен ең жоғары жылдамдық болмақ. Жаңа ұшақ 16 қараша күні Уилтшир графтығындағы Боскоум-Даун әуе базасында сынақтан өткен.

Штурвалда ұшқыш Фил О'Делл отырды, ол бұны өзінің мансабындағы айтулы оқиға деп атады.