Медициналық жедел жәрдем көлігінде көз жұмған бес айлық сәби отбасындағы жалғыз бала болған.
ERNUR.KZ. Воронежде ер адам биік ғимараттан арбадағы баланың үстіне құлаған сәт байнебақылау камерасына түсіп қалды, деп жазады sputniknews.kz.
Интернетте оқиғаның видеосы пайда болды. Қайғылы оқиға туралы облыстың төтенше жағдайлар қызметінің өкілі мәлімдеді.
Ақпарат көзінің дерегінше, оқиға бейсенбі күні болған. Ал құтқарушыларға қоңырау 17:03-те түскен.
"Биіктіктен құлаған ер адам оқиға орнында, ал арбадағы бес айлық нәресте жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды", – делінген ақпаратта.
В Воронеже мужчина упал с высоты на коляску с младенцем. Ребенок умер в машине скорой помощи https://t.co/6W3dKk4SjY pic.twitter.com/6C0zTvn6uG
— РИА Новости (@rianru) February 4, 2021
" МОЁ! Online" басылымының хабарлауынша, қайтыс болған нәресте отбасындағы жалғыз бала екен.