Ер адам бұрынғы сүйіктісінің үйіне бірден 50 курьер шақыртқан

0
537

Курьерлер бір топ болып жиналған кезде ғана бұның пранк екенін білген.


Ер адам бұрынғы сүйіктісінің үйіне бірден 50 курьер шақыртқан

ERNUR.KZ. Ажырасу көптеген адамдар үшін қиынға соғып жатады. Кейбіреулер бұрынғы сүйіктісінен кек алады. Мысалы, Түркияның Измир қаласының тұрғыны бұрынғы ғашығына өштесіп, үйіне 50 курьер шақыртқан. Ал төлемді қолма-қол белгілеген, деп жазады Stan.kz.



Оқиға Измир қаласының Балчова ауданында болған. Бір уақытта үйдің алдында 50 курьер кездескен. Ер адам бұрынғы қызының мекенжайына бір қосымшада, бірақ әртүрлі нөмірлерден тапсырыс бергені белгілі болды. Сонымен қатар, ол тапсырыстарды әкелген кезде “қолма-қол төленеді” деп көрсеткен.


Курьерлер бір топ болып жиналған кезде ғана бұның пранк екенін білген. Белгілі болғандай, оқиға туралы полицияға ешкім арыз түсірмеген.