Екі жігіт зорлық жасағаннан кейін қызды тонап, бөлмеде жалғыз қалдырып кеткен.
ERNUR.KZ. АҚШ-та екі ер адамға туристі улады, зорлады және өлтірді деген айып тағылды. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп жазады тengritravel.kz.
Басылымның мәліметінше, 21 жастағы Эвуар Колльер (Evoire Collier) және 24 жастағы Дориан Тейлор (Dorian Taylor) 2021 жылдың наурыз айында Флориданың танымал курортындағы қонақүйде 24 жастағы Кристин Энглехардты (Christine Englehardt) зорлаған. Алайда оларға қарсы айып қазір жарияланып отыр.
Екі жігіт зорлық жасағаннан кейін қызды тонап, бөлмеде жалғыз қалдырып кеткен. Салдарынан Энглехардт төсекте ес-түссіз жатқан күйі қайтыс болған.
Дәрігерлер сараптама жасап, нәтижесінде қыздың ағзасынан өлімге әкеп соғатын фентанил, ал қандағы алкоголь деңгейі рұқсат етілген шектен екі есе көп екені анықталды.
Жауап алу кезінде қылмыскерлер зорлау алдында қызға дәрі бергенін мойындады - олар мұны ауырсынуды басатын препарат деп сендірді. Сондай-ақ жігіттер жәбірленушіні "тыныштандыру" үшін ішімдік бергенін айтты.
Бұған дейін ер адамдарға есірткі қолданды, аккумуляторларды ұрлады және несие карталары арқылы алаяқтық жасады деген айып тағылған.