Еурокомиссия басшысы Украина ресейлік активтерден кірісті қашан алатынын айтты

0
362

Ресейдің Украинадағы әскери операциясы басталғалы Еуроодақ пен G7 елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттады.


Еурокомиссия басшысы Украина ресейлік активтерден кірісті қашан алатынын айтты

ERNUR.KZ. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Ресейдің бұғатталған активтерінен түсетін алғашқы 1,5 миллиард еуро Украинаға осы жылдың шілде айында берілетінін растады, деп жазады sputnik.kz.

"Ресей активтерінен түсетін шамамен 1,5 миллиард еуроны шілде айында алуға болады, бұл қаражаттың 90 проценті қорғанысқа, 10 проценті елді қалпына келтіруге жұмсалады. Осы аптаның соңында G7 саммитінде біз Украина ресейлік активтерден түсетін кірістен тез және көбірек пайда табуды қалай жасау керектігін талқылаймыз", - деді ЕК басшысы Берлинде Украинаны қалпына келтіру жөніндегі форумда сөйлеген сөзінде.
21 мамырда Еуроодақ кеңесі еуропалық дипломатияның басшысы Жозеп Боррелдің Еуроодақта иммобилизацияланған ресейлік активтерден депозитарийлер алған кірістің 90%-ін Киевке әскери көмек көрсету үшін, тағы 10%-і Украинаны қалпына келтіру бағдарламаларына бағыттау үшін ЕО бюджетіне жіберуді көздейтін ұсынысын мақұлдады. Алайда БАҚ ресейлік активтерден түсетін кірісті пайдалану мәселесі әлі түпкілікті шешілмегенін жазды.
Еске салсақ, Ресейдің Украинадағы әскери операциясы басталғалы Еуроодақ пен G7 елдері Ресейдің шамамен 300 миллиард еуроны құрайтын валюта қорының жартысына жуығын бұғаттады. Шамамен 200 миллиард еуро Еуроодақта, негізінен әлемдегі ең ірі есеп айырысу және клиринг жүйелерінің бірі – бельгиялық Euroclear есепшоттарында тұр.
Егер бұрын бұл қаражат Украинаны қалпына келтіруге жұмсалады деп айтылса, енді Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Еуроодақ кеңесіне Ресейдің бұғатталған активтерінен түсетін кірісті әскери мақсатқа бағыттауды ашық түрде ұсынды.
Ақпан айында Ресей сыртқы істер министрлігі Батыс елдерінің Украинаға көмектесу үшін бұғатталған активтерін жіберу әрекеттеріне қатаң жауап беруге уәде етті. Ведомстводағылар ЕО активтерін тәркілеу жоспарын экономикалық бандитизм деп атады және олардың халықаралық құқықты өрескел бұзатынын айтты.