Еурокомиссия цифрлық куәліктерді мақұлдады

0
524

Еурокомиссия Еуроодаққа мүше 27 елдің тұрақты өкілдерінің осы шешімін мақұлдады.


Еурокомиссия цифрлық куәліктерді мақұлдады

ERNUR.KZ. Еуропалық одақ елдеріне сапарлауға рұқсат берілді. Басты шарт – жолаушы вакцинаның міндетті 2 дозасын 14 күн бұрын салдырған болуы керек, деп хабарлайды Хабар24.

Еурокомиссия Еуроодаққа мүше 27 елдің тұрақты өкілдерінің осы шешімін мақұлдады. Вакциналаудың куәлігі осы айдың ортасынан бастап беріледі. Әзірге аталған құжатты Еуроодақтан тыс жерде қолдану туралы шешім қабылданған жоқ.

– Енді еуропалықтар вакциналаудың цифрлық куәлігінің арқасында жазғы демалысын қауіпсіз өткізе алады. Бірақ аздаған шектеулер болуы мүмкін. Сондай-ақ Еуроодақ вакцинаны толық алған және емдеп, жазылған азаматтарды шектеулерден босатуға келісті. Бұдан басқа, тестілердің жарамдылық мерзімі бойынша да келісті: ПТР-тестілерге 72, ал антигендерге арналған шұғыл тестілерге 48 сағат болуы тиіс, - дейді Еурокомиссияның ресми өкілі Кристиан Виганд.