Еуроодақ Украина мен Молдоваға 50 млн еуро бөлді

0
654

Бөлінген қаржы бұл елдердегі азаматтарды дәрі-дәрмек, ауыз су және гигиеналық тауарлармен қамтамасыз етуге жұмсалады.


Еуроодақ Украина мен Молдоваға 50 млн еуро бөлді

ERNUR.KZ. Еуропалық Одақ Украинадағы гуманитарлық жобаларға 45, ал Молдоваға 5 миллион еуро бөліп отыр, деп жазады 24.kz.

Бұл туралы Еурокомиссияның баспасөз қызметі хабарлады. Бөлінген қаржы бұл елдердегі азаматтарды дәрі-дәрмек, ауыз су және гигиеналық тауарлармен қамтамасыз етуге жұмсалады.

Сонымен бірге босқындарды паналату мен әйелдерді қорғау жұмыстарын да қамтиды. Еурокомиссияның мәлімдеуінше, Украинадағы қарулы қақтығыс басталғалы Еуроодақ Киевке 143 миллион еуро бөлген.

Брюссель бұл қаржы Еуроодақтың Украинаға уәде еткен 1 миллиард еуроның бір бөлігі екенін айтады.