Еуроодақтың 27 елінде COVID-сертификат енгізіледі

0
620

Еуропа одағының заң шығарушылары еуропарламенттің 20 мамырдағы отырысында ортақ келісім қабылдады.


Еуроодақтың 27 елінде COVID-сертификат енгізіледі

ERNUR.KZ. Еуроодақ елдерінің азаматтары карантин және басқа да шектеулерге алаңдамай, блоктағы 27 елде жазғы демалыстарын еркін өткізе алады. ЕО COVID-сертификат енгізеді, деп жазады centralasian.org.

Еуропа одағының заң шығарушылары еуропарламенттің 20 мамырдағы отырысында ортақ келісім қабылдады. Келісімге сәйкес, ЕО-ның 27 еліндегі азаматтар цифрлы рұқсат қағаз алады. Онда вакцинация мәртебесі, COVID-19 бар-жоғын анықтайтын тест нәтижесі немесе коронавирустан емделгелі туралы ақпарат болады.

Бұның алдында Еуроодақ COVID-сертификатын биыл маусымға қарай енгізгісі келетіні хабарланған.

Туризмге тәуелді мемлекеттер осы сертификаттың қабылдануын жақтады.

ЕО блогының ресми өкілдерінің мәлімдеуінше, сертификат қолдан деп ешкімді мәжбүрлемейді, сертификат вакцинация паспорты деп саналмайды. Сертификат азаматтарды алалайтын құжат болмауы тиіс.

Вакцина егу науқаны қарқын алып, COVID-19 беті қайтқан соң, Еуроодақ елдері карантин талаптарын жұмсартуға көшті. Блок елдері жазғы туристік маусымда жергілікті экономиканы жақсартуды көздейді.