Еуропа соты Ресейді Грузияға 10 млн еуро төлеуге міндеттеді

0
1 170

Ресей "визасыз режим тәртібін бұзды" деп Грузия азаматтарын елден шығарған


Еуропа соты Ресейді Грузияға 10 млн еуро төлеуге міндеттеді

ERNUR.KZ. Еуропаның адам құқығы жөніндегі соты "Ресей Грузияға 10 миллион еуро төлеуі керек" деген шешім шығарды. Грузия билігі бұл қаражатты 2006 жылы Ресейден депортацияланған тұрғындарға бөліп беруі керек, деп жазады azattyq.org.

10 миллион еуро кемі мың жарым адамға бөлінеді. Оларға 2 мыңнан 15 мың еуро аралығында тиеді. Сот Ресей Еуропа конвенциясының "ұжымдық депортация", "бас бостандығынан заңсыз айыру" және "қамауда қорлап ұстау" сынды үш бірдей бабын бұзған деп санайды.

2006 жылы Грузия "тыңшылықпен айналысты" деп Ресей барлау қызметінің төрт адамы ұсталған. Осыдан кейін Ресей "визасыз режим тәртібін бұзды" деп Грузия азаматтарын елден шығарған. Грузия әділет министрлігінің есебінше, сол уақытта шамамен бес мың адам депортацияланған. Кейін осы мәселе бойынша 2007 жылы Тбилиси Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотына арызданған.