Індет жұқтырғандардың көбі Франция, Испания мен Ұлыбританияда тіркелген.
ERNUR.KZ. Еуропа аймағында әр 17 секунд сайын коронавирустың салдарынан бір адам қайтыс болады, деп хабарлайды Хабар24.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық директоры Ханс Клюге айтты.
«Еуропада COVID-19-дан 17 секунд сайын бір адам қайтыс болады. Қазіргі уақытта Еуропада COVID-19-дан күн сайын орта есеппен 4,5 мың адам көз жұмады», - деді ол.
Індет жұқтырғандардың көбі Франция, Испания мен Ұлыбританияда тіркелген.