Бұл туралы ЕО-ның сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы өкілі Джозеф Борреллдің мәлімдемесінде айтылған.
ERNUR.KZ. ЕО Газадағы тереңдетілген гуманитарлық дағдарысқа қатты алаңдайтынын мойындады, деп жазады inbusiness.kz.
"ЕО әскери іс-қимылдарды тез арада тоқтату және гуманитарлық дәліздер құру, соның ішінде, шекара өткелдеріндегі мүмкіндіктерді кеңейту және гуманитарлық көмек Газа халқына қауіпсіз жетуі үшін арнайы теңіз маршрутын құру туралы шақыртуларға қосылады", - деді ЕО-ның Жоғарғы өкілі.
Сондай-ақ, мәлімдемеде ЕО Израильдің өзін-өзі қорғау құқығын мойындайтындығы да атап көрсетілген.