​Еуропарламент Тұңғыш Президенттің еңбегіне жоғары баға берді

0
1 038

Брюссель Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы қызметінен кеткенімен, саясатпен белсенді айналысуын жалғастыратынына сенімді.


​Еуропарламент Тұңғыш Президенттің еңбегіне жоғары баға берді

ERNUR.KZ. Крым.Реалии Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігінің тоқтауын Еуропалық парламент те қызу талқылады, деп жазады 24.kz.

Ресми Брюссель Тұңғыш Президент тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты және Елбасының барлық бейбіт бастамалары өзекті деп санайды.

Еуроодақтың жоғарғы заң атқарушы органында Тұңғыш Президентіміздің батыл қадамына жоғары баға берілді. Сондай-ақ ресми Брюссель Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшысы қызметінен кеткенімен, саясатпен белсенді айналысуын жалғастыратынына сенімді.

Андрей Мамыкин, Еуродепутат, сыртқы істер бойынша еуропарламент комитетінің мүшесі:

– Қазақстанның саясатта қол жеткізген жетістіктерінің бәрі Нұрсұлтан Назарбаевпен тікелей байланысты. Тоқсаныншы жылдардың басындағы қиын-қыстау кезеңде мемлекетті қалыптастыру да – оның еңбегі. Ол әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде көптеген істі атқарды.

Жалпы Нұрсұлтан Назарбаев батылдығымен ерекшеленеді. Мәселен, 93 және 94 жылдары бәрі құлдырап жатқан уақытта ол еуразиялық кеңістіктегі интеграция идеясын ұсынған болатын.

Еуропалық саясаткерлер мен сарапшылар Елбасының көпвекторлық саясатын талқылап, жан-жақты пікірлерімен бөлісті.

Пьер-Эммануэль Томанн, саясаттанушы, геосаяси ғылымдарының докторы /Бельгия/

– Билік орталықтары бар көпполюсты әлемде ел ішінде тұрақтылықты сақтаудың ең қолайлы жүйесі – билік теңгерімі. Ол әрбір мемлекет өзінің географиялық орналасуына сәйкес барлық бағыттағы дамуын білдіреді.

Андрей Мамыкин, Еуродепутат, сыртқы істер бойынша еуропарламент комитетінің мүшесі:

– Нұрсұлтан Әбішұлы тек Қазақстанды ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағын ірі ұлтаралық жанжалдан сақтап қалған. Тоқсаныншы жылдары Тәжікстанда үлкен соғыс өршіп тұрғанын ұмытпау керек. Бұл аймақтан аймаққа, бір елден өзге елге тез тарап кетуі мүмкін бәле. Ең бастысы Қазақстанда діни тұрғыдағы экстремизм жоқ, ұлтаралық татулық пен бейбітшілік орнаған. Бұл – Назарбаевтың еңбегі.

Тұңғыш Президентіміздің барлық ойлары жүзеге асатынына ресми Брюссельдің күмәні жоқ. Олардың ішінде сауда-экономикалық салада Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуроодақты жақындастыру бастамасы бар. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарудан ада әлемді құру ұсынысы ақыры жүзеге асатынына сенімді.