Фейк жаңалық таратқандар 6 жыл абақтыға жабылады

0
1 165

Фейк жаңалықтар таратқаны үшін енді Малайзияда 6 жылға дейін абақтыға жауып, 128 мың доллар айыппұл салады. Мемлекет Парламенті қабылдаған бұл заң электронды басылымдарға, әлеуметтік желілерге қатысты қолданылады.


Фейк жаңалық таратқандар 6 жыл абақтыға жабылады

Малайзияда жалған жаңалықтарға қылмыстық жауапкершілік бекітілді. Егер фейк жаңалық ел азаматына қатысты болса, бұл заң мемлекет сыртында да қолданылады, - деп жазады Reactor.

Фейк жаңалықтар таратқаны үшін енді Малайзияда 6 жылға дейін абақтыға жауып, 128 мың доллар айыппұл салады. Мемлекет Парламенті қабылдаған бұл заң электронды басылымдарға, әлеуметтік желілерге қатысты қолданылады.

Оппозиция жаңа заңның сөз еркіндігін шектейтінін айтып, қарсы шығуда. Елде маусым айында Парламент сайлауы өтпек. Ал, Үкімет болса бұл заңның сөз еркіндігін шектемейтінін айтады.