Филиппиндік мұғалімдер жылжымалы мектеп ойлап тапты

0
749

Білім ордасы шалғайдағы 5 ауылды аралап, 500 баланы оқытады.


Филиппиндік мұғалімдер жылжымалы мектеп ойлап тапты

ERNUR.KZ. Филиппинде коронавирустың етек алуына айланысты оқушылар онлайн оқуға ауысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда бірқанша ауылдар мен елді мекендерде интернет болмағандықтан, балалар білім алу мүмкіндігінен айырылды. Сондықтан жергілікті мұғалімдер шәкірттерінің оқудан ақсап қалмауы үшін жылжымалы мектеп ойлап тапты. Бұл кәдімгі мотоциклге қосылған арнайы құрылғы. Кітап сөрелері, тақталар мен үлкен монитордан тұрады. Осындай білім ордасы шалғайдағы 5 ауылды аралап, 500 баланы оқытады. Жоқтан бар жасаудың амалын тапқандар тығырықтан осылай шығуды жөн көрген секілді.