Флойдтың жерлеу рәсіміне АҚШ-та полиция қолынан қаза тапқан барлық адамдардың туыстары келді

0
781

Жерлеу рәсіміне АҚШ-тың көптеген беделді тұлғалары қатысты.


Флойдтың жерлеу рәсіміне АҚШ-та полиция қолынан қаза тапқан барлық адамдардың туыстары келді

ERNUR.KZ. Сейсенбі күні Хьюстон қаласының маңындағы елді-мекенде полиция қолынан қаза тапқан афро нәсілді америкалық Джордж Флойдтың жерлеу рәсімі өтті, деп жазады zakon.kz

Флойдтың денесі туған қаласына жеткізілді. Марқұммен қоштасу рәсімі The Fountain of Praise баптист шіркеуінде өтті, онда шіркеу қызметкері және қара нәсілділердің құқығы үшін күресуші-заңгер кіші Альфред Чарльз Шарптон сөз сөйледі. Жерлеу рәсіміне АҚШ-тың көптеген беделді тұлғалары қатысты, оның ішінде АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті және президент Дональд Трамптың алдағы сайлаудағы басты қарсыласы, демократ Джо Байден де болды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қолынан қазақ тапқан басқа қара нәсілді адамдардың да туыстары жерлеу рәсіміне қатысты.

Мемориалдық қызмет аяқталғаннан кейін Флойдтың денесін көтерген ер адамдар полиция көлігінің шығарып салып жүруімен Хьюстон мемориалды бақтары зиратына бет алды.

Зиратқа бір миль қалғанда алтын жалатылған табыт ат арбаға салынды. Флойд марқұм анасының қасына жерленді.