Газа секторында қаза тапқандар саны 5 мыңнан асты

0
491

Қаза тапқандар арасында 2055 бала, 1119 әйел және 217 қарт адам бар.


Газа секторында қаза тапқандар саны 5 мыңнан асты

ERNUR.KZ. 17 күннен бері Израиль бомбалап жатқан Газа секторында қаза тапқандар саны 387-ге көбейіп, құрбандардың жалпы саны 5087-ге, жараланғандар саны 15273-ке жетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің Газадағы баспасөз хатшысы Ашраф әл-Кудра Израиль шабуылдары салдарынан қоршауда қалған Газа секторындағы қаза болғандар мен жараланғандар санына күн санап көбейіп жатыр.

Министрліктің Telegram әлеуметтік желісіндегі мәлімдемесінде 7 қазаннан бері Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 5087-ге жеткен, оның ішінде 2055 бала, 1119 әйел және 217 қарт адам бар. Ал жараланғандар саны 15 273-ке жеткені айтылды.

Бұрын-соңды болмаған терең күйік тыртықтары

«Медициналық топтар жаралылардың денелерінде бұрын-соңды көрмеген терең күйіктер бар екенін мәлімдеді», - делінген хабарламада.

Хабарламада сондай-ақ халықаралық ұйымдарды қандай қарудың қолданылғанын анықтауға шақырды.

1500 адам, оның ішінде 830 бала әлі қираған ғимараттардың үйінділерінің астында екені атап өтілді.

Мәлімдемеде Израиль шабуылдарында 57 медицина қызметкерінің қаза тапқаны және 100 дәрігердің жараланғаны, шабуылдар мен жанармай тапшылығына байланысты 12 аурухана, 32 медициналық орталық және 25 жедел жәрдемнің жұмыссыз қалғаны атап көрсетілді.

Сондай-ақ қолданыстағы ауруханалардың қызмет көрсету мүмкіндігін жоғалтқаны және медициналық бригадалар жаралыларды аса шектеулі мүмкіндікпен емдеп жатқаны айтылды.