Германияда сайлауға 16 жастан қатысуға рұқсат берілді

0
691

​ГФР азаматтарына 16 жасынан бастап жалпы еуропалық сайлауда дауыс беруге рұқсат етілді. Осыдан кейін елде дауыс берушідер саны 2 пайызға артады.


Германияда сайлауға 16 жастан қатысуға рұқсат берілді

ERNUR.KZ. Жаңа регламент алғаш рет 2024 жылғы мамырда Еуропарламент сайлауында қолданылатын болады, деп жазады inbusiness.kz.

ГФР азаматтарына 16 жасынан бастап жалпы еуропалық сайлауда дауыс беруге рұқсат етілді. Герман СДП басқарушы коалициясы енгізген тиісті заң жобасын 10 қарашада Германия Парламенті-Бундестаг мақұлдады. Бұған дейін жалпы еуропалық сайлауға кәмелет жасқа толғандар ғана қатыса алатын. Енді осы сайлауда дауыс берушілер саны 2,3 пайызға өседі деп күтіліп отыр.

Заң мәтінінде түсіндірілгендей, 18 жас шектеуі "қоғамдық өмірдің көптеген салаларында жауапкершілікті өз мойнына алатын, саяси процеске қатыса алатын және қатысқысы келетін" көптеген адамдарды белсенді сайлау құқығынан айырды. Басқарушы коалиция мүшелері сонымен қатар жастарға әлеуметтік қамсыздандыру немесе жаһандық климаттың өзгеруімен күресу сияқты кейбір саяси шешімдердің салдары қатты әсер ететінін атап өтті.

Жаңа регламент алғаш рет 2024 жылдың мамырына жоспарланған Еуропарламент сайлауында қолданылмақ.