Ғалымдар алапат зілзаланың жақындап қалғанын ескертті

0
621

​Соңғы зерттеулерге сәйкес, бірнеше онжылдықтан кейін мұздықтардың еруін бақылауда ұстау мүмкін болмайды.


Ғалымдар алапат зілзаланың жақындап қалғанын ескертті

ERNUR.KZ. АҚШ ғалымдары Антарктикада мұздықтар ерігеннен кейін Шанхай мен Нью-Йорк сияқты қалалардың жойылып кету қаупі бар екенін айтты, деп жазады sputniknews.kz.

Ғаламшарда температура көтерілген сайын арктикалық мұздар тез ериді. Бұның барлығы адам өміріне әсер етеді. Алайда Антарктикадан келетін қауіп те жоқ емес. Ол аймақта мұз баршылық. Соның барлығы жаһандық жылынудың әсерінен еритін болса, Дүниежүзілік мұхиттің деңгейі 60 метрге дейін көтерілуі мүмкін.

"Біз осы проблеманың алғашқы белгілерін байқап жатырмыз", - дейді ғалымдар.

Соңғы зерттеулерге сәйкес, бірнеше онжылдықтан кейін мұздықтардың еруін бақылауда ұстау мүмкін болмайды. Ал парниктік газдар мен технологиялық прогрессті қысқарту шаралары алдағы алапат зілзаланы тоқтата алмайды.

"Ауаға шығарылатын парниктік газдардың қазіргі көлемі сақтала берсе, Антарктикадағы мұздың еру қарқыны, шамамен, 2060 жылы қауіпті деңгейден асып кетеді. Сол кезде Дүниежүзілік мұхит деңгейінің көтерілуі адамзат тіршілік ететін уақыт шегінде қалпына келмейтін көлемге жетеді. Жер атмосферасының көмірқышқыл газдан тазаруы да осы процесті тоқтата алмайды", - деп атап көрсетті мамандар.

Ғалымдардың айтуынша, 2100 жылға қарай судың деңгейі он есеге жылдам көтеріледі.