Ғалымдар арықтауға көмектесетін шарап жасап шығарды

0
700

Сусынның құпиясы – ашытылған Eurotium cristatum саңырауқұлағы мен биоқоспаларда.


Ғалымдар арықтауға көмектесетін шарап жасап шығарды

ERNUR.KZ. Ресей биотехнология универсиетінің ғалымдары артық салмақтан арылуға және иммунитетті көтеруге көмектесетін шарап ойлап тапты, деп жазады stan.kz.

Ішімдік пен шараптың пайдасынан көрі зияны көп екені айтпаса да белгілі. Бірақ бұл жолы ғалымдар саңырауқұлақтан жасалған пайдалы шарап ойлап тапқандарын мәлімдеді. Қараша айының ортасында Ресей биотехнологиялық университеті дәмі мен құрамы ботаникалық шөптермен, тамыр және гүлдермен байытылған хош иісті вермут шарабына ұқсас, арықтауға көмектесетін шарап ойлап тапты.

Сусынның құпиясы – ашытылған Eurotium cristatum саңырауқұлағы мен биоқопаларда. Шарап денсаулыққа пайдалы болғанымен, өзіндік әсері мен күші де жоқ емес.

Шарап ұйқы безіне қалай әсер етеді?

Ғалымдардың айтуынша, ішімдік қант диабетімен ауыратын адамдардың ұйқы безіне жақсы әсер береді. Яғни, шарап құрамында антиоксиданттық қасиеттерге ие заттар бар.

“Eurotium cristatum саңырауқұлағының сығындысы әлемдік зерттеулерде адам денсаулығына пайдалы екені, оның ішінде адамды емдеу және жасарту кезінде таптырмас дүние екені дәлелденді”, – дейді Росбиотех университеті ашыту және шарап жасау технологиялары кафедрасының профессоры Марина Мойсеяк.

Спорт дәрігері және салауатты өмір салтын ұстанатын сарапшы Александра Чистякова ұйқы безіне шағымы жоқ адамдар үшін бір стақан шараптың зияны болмайтынын атап өтті. Дегенмен ішімдікті көп мөлшерде ішу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

“Созылмалы алкогольдік интоксикация – жедел панкреатиттің ең көп тараған себептерінің бірі. Маскүнемдер көп мөлшерде үзіліссіз ішімдік ішкендіктен 6-8 жылдан кейін жедел панкреатит пайда болады. Ішімдікті белгіленген мөлшерден көп қолданғана аурудың белгілері асқынады”, – дейді Александра Чистякова.

Алкогольді ішімдіктің пайдасы мен зияны оны қаншалықты жиі ішетініне байланысты болады. Тұрақты түрде ішімдік ішу ұйқы безі ауруларының даму қауіпін арттырады. Ондай кезде ұйқы безі токсиндер шығарып, соңы панкреотитке әкеліп соғады.

Шарап зат алмасуды жақсарта ма?

Саңырауқұлақтан жасалған шарап адам ағзасындағы метаболизмді жақсартатындықтан артық салмақтан арылуға көмектеседі. Мұнда Eurotium cristatum саңырауқұлағы жетекші рөл атқарады. Дәрігердің айтуынша, метаболикалық процестерге әсер етіп, қоректік заттардың дұрыс сіңуіне көмектеседі. Осылайша ағзадағы артық майларды кетіреді.

Шараптың иммунитетті көтеретіні рас па?

Ресей биотехнология универсиеті ғалымдарының айтуынша, аталмыш шарап иммундық жүйеге оң әсер береді. Сондай-ақ саңырауқұлақтан жасалған шарапты белгіленген мөлшерде ішу бірқатар аурудың алдын алатынын ескертті. Атап айтқанда, тұмауға шалдығудан сақтайды.

Ал салауатты тамақтану жөніндегі маман Анна Матафонова ұзақ өмір сүретін адамдар аз мөлшерде ішімдік ішіп, диета ұстайтынын айтады. Олардың физикалық және психикалық денсаулығы мықты болады.

Маманның бұл сөзімен гастроэнтеролог Евгений Белоусов та келіседі. Ол шараптың қандағы қызыл қан жасушаларының санын қалыпқа келтіріп, иммундық жүйені ынталандыратынын және тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алуға көмектесетінін атап өтті. Сондай-ақ сапалы шараптың аз мөлшері адам ағзасындағы зиянды холестериннің деңгейін төмендетеді, ағзаны табиғи консерванттармен және антиоксиданттармен қанықтырып, жүрек жұмысын жақсартады.

“Ағза калий, магний, кальций және натриймен толығатындықтан, шарап қан тамырлары мен жүрекке пайдалы. Сонымен қатар қандағы эритроциттердің санын қалыпқа келтіреді”, – дейді гастроэнтеролог.

Алкогольді ішімдік бауырды зақымдап, қатерлі ісік туғызады

Аталмыш шарапқа қатысты шектеулер де жоқ емес. Мамандар алкогольді ішімдікті мөлшерімен пайдалануға кеңес береді. Оны шамадан тыс ішу денсаулыққа айтарлықтай зиянын тигізеді және мидың нейрокоммуникациясына кедергі келтіреді. Ол көңіл күйдің түсуіне, мінез-құлықтың өзгеруіне әкеліп соғады және ойлау қабілетін нашарлатады.