Ғалымдар коронаврусты жоятын қағаз ойлап тапты

0
1 206

Тың жоба алдағы уақытта медицина мен қаржы саласында қолданылмақ.


Ғалымдар коронаврусты жоятын қағаз ойлап тапты

ERNUR.KZ. Чехиялық ғалымдар коронаврусты жоятын қағаз ойлап тапты. Сынақ кезінде оның «ковид-19» сияқты вирусты 10 минуттың ішінде 70 процентке жойып, жарты сағатта толықтай жоқ қылып жіберетінін көрсетті ,деп жазады Хабар24.

Тың жоба алдағы уақытта медицина мен қаржы саласында қолданылмақ.

Коронавируске қарсы күресте нағыз қорған болатын жоба «ковид-19» індеті шыққанға дейін қолға алынған. 5 жыл бұрын бір топ чех ғалымдары бірақатар вирус ауамен ғана емес, қағаз арқылы да берілетінін анықтайды. Осы кезде қауіпсіз қағаз шығару идеясы пайда болады. Зерттеуді бірнеше орталық бірігіп жүргізеді. Нәтижесінде Химиялық процестерді тексеру институтының мамандары ірі қағаз компаниясымен бірлесіп, мырыш пен күмістен тұратын сұйықтық бактерияны жоятынына көз жеткізеді.


- Бастапқыда жоба кедей елдерге арналған еді. Институтқа осындай мемлекеттерде қағаз арқылы түрлі аурулардың таралуын тоқтататын жолды ойлап табу туралы өтініш түскен. Мысалы, қағаз ақшалар арқылы. Коронавирус індеті шыққаннан кейін жаңа зерттеулер қолға алынды. Тәжірибелер мына сұйықтықпен «ковид-19»-ды жоюға болатынын көрсетті, - деді ғылыми-зерттеу зертханасының бас маманы Иво Сверак.


Жобаның басты демеушілерінің бірі Чехияның ірі қағаз баспасы. Бірлестік оған 1 миллион еуро бөлді. Мемлекеттеік технологиялық агенттіктер де қолдау көрсетеді. Нәтижесінде ғалымдар вирусты жарты сағаттың ішінде толық жоятын қағаз ойлап тапты. Енді мамандар оның әрекет ету уақытын 5 минутқа дейін азайтуды көздеп отыр.


- Ғалымддар бактерияларды не өлтіретінін әзірге толық білмей отыр. Бірақ бұл маңызды емес. Ең бастысы вируспен күресу әдісі табылды. Енді тек жобаны Чехиямен бірге шетелде де одан әрі дамытуға күш салу қажет, - деді эпидемиолог-дәрігер Миколас Яндак.


Осы ноу-хау арқылы чех ғалымдары вирустың түрлі заттар арқылы жұғуын тоқтатуды көздейді. Жуық арада зарарсыздандырғыш қағаздың алғашқы бөлігін шығару көзделген.