Ғалымдар бөгдепланеталықтардың мекен жайын анықтап жатыр

0
1 295

Ғалымдар өзге ғаламдықтардың басқыншылығынан қорқып отыр.


Ғалымдар бөгдепланеталықтардың мекен жайын анықтап жатыр

ERNUR.KZ. Халықаралық радиоастрономиялық зерттеулер орталығының (ICRAR) ғалымдары анықтағандай, Құс жолы галактикасының тұңғиығынан Жерге қарай белгісіз радиосигналдар жетіп жатыр: олардың бір бөлігі Ай бетінен шағылысқан, ал бір бөлігін жердегі станциялар қабылдауда, деп жазады sputniknews.kz.

Мұндай сигналдардың шығу тегі Үлкен жарылыс "жаңғырығы" болуы мүмкін немесе белгілі бір жұлдыздар белсенділігінің салдары болуы да ғажап емес.

Тағы бір болжамдарға сүйенсек, Жердің жалғыз табиғи серігі "шағылыстырып" жатқан сигналдардың шығу тегі жасанды болуы ықтимал.

Қалай болғанда да, осы сигналдардың болмысы мен көзін анықтау – алдағы уақыттың еншісінде. Ол үшін ғалымдар көп мөлшерде метадеректерді саралап, содан кейін суперкомпьютерлердің көмегімен сигнал жіберушілердің "мекенжайын" білуге тырысады.