Небәрі үш жұмыртқада дәрінің клиникалық дозасы бар.
ERNUR.KZ. Шотландияның Roslin Technologies фирмасының зерттеушілері тауықтарға қатерлі ісікті жеңуге көмектесетін жұмыртқа салуды «үйретіп», жаңалық ашты, деп жазады Stan.kz.
Эдинбург университетінің ғалымдар тауықтардың ДНҚ-сына адамның генін енгізген. Ол қатерлі ісікке қарсы тұруға қажетті ақуыздың бөлінуіне жауап береді.
Мамандар онкологиялық ауруларды емдейтін ақуызы бар жұмыртқа салатын тауықтарды шығару үшін гендік модификацияны пайдаланды. Мұндай жұмыртқаның құрамында адам ақуызының екі түрі бар. Олар артрит пен қатерлі ісік ауруларының кей түрлеріне қарсы әсерге ие.
Бұл орайда IFNalpha2a ақуызы туралы сөз қозғалып отыр. Ол вирсуқа және қатерлі ісікке қарсы әсерге, сонымен қатар тіндердің өздігінен емделуіне қажет макрофаг-CSF ақуызының адамға және доңызға тән нұсқасына ие. Осылайша, небәрі үш жұмыртқада дәрінің клиникалық дозасы бар.