Ғылым: Адамға салынған шошқаның бүйрегі қалыпты жұмыс істей бастады

0
621

Шошқаның бүйрегін бұған дейін миы өлген науқасқа оның отбасының рұқсатымен салған.


Ғылым: Адамға салынған шошқаның бүйрегі қалыпты жұмыс істей бастады

ERNUR.KZ. Алабама университетінің ғалымдары адамның екі бүйрегін шошқаның генетикалық түрлендірілген бүйрегімен алмастыру операциясын жасады, деп жазады ҚазАқпарат.

Шошқаның бүйрегін бұған дейін миы өлген науқасқа оның отбасының рұқсатымен салған. Медицина тарихында алғаш рет донорлық мүше жақсы жұмыс істеп тұр – жаңа бүйрек иесінің ағзасын токсиндерден тазартып, зәр шығарып жатыр.

Бірегей операцияның толық сипаттамасы ғылыми қауымдастықтың бағалауынан өтті және осы аптада JAMA Surgery ғылыми журналында жарияланды.

Әзірге бұл тек бір жағдай ғана, ол созылмалы бүйрек ауруымен ауыратын және трансплантацияға мұқтаж ондаған мың науқасқа үміт сыйлады.

Дүние жүзіндегі донорлық органдарға сұраныс ұсыныстан әлдеқайда жоғары. Статистикаға сәйкес, АҚШ-та трансплантацияны күткен әрбір бес науқастың екеуі диагноз қойылғаннан кейін сәйкес келетін донорлық мүшені күтіп жүріп, бес жыл ішінде қайтыс болуда.

Соңғы бірнеше жылда осындай әрекет екі рет жасалды, ол туралы Би-би-си жазды. Операциядан кейін пациенттің денесі донорлық органды бөтенсімеуі үшін трансплантацияға арналған шошқа бүйректері арнайы өсіріледі және генетикалық бейімделу әдісімен «адамға сай етіледі».

ДНҚ тізбегінде ғалымдар тек төрт шошқа генін (GTKO, CMAH, B4GALNT2, GHR) тауып, «өшіреді», содан кейін оны адамның алты генімен (CD46, CD55, CD47, THBD, PROCR, HMOX1) толықтырады.

Алайда, бұл жолы дәрігерлер донорлық органның барлық функцияларын орындай отырып, қалыпты жұмыс істеуіне қол жеткізді, олардың бастысы - қанды сүзу және ағзаны зиянды қалдықтардан (ең алдымен креатинин) тазарту.