​Грузия президенті болуға 39 адам үміткер

0
1 078

8 қыркүйек күні Грузияда ел президенттігіне кандидатураларды тіркеу аяқталады.


​Грузия президенті болуға 39 адам үміткер

ERNUR.KZ. 8 қыркүйек күні Грузияда ел президенттігіне кандидатураларды тіркеу аяқталады. Бүгінге дейін бұл лауазымға 39 адам үміткер ретінде тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА Арменпресс агенттігіне сілтеме жасап.

Грузия Орталық сайлау комиссиясының ақпаратынша, қазірге дейін сайлауға қатысуға 39 адам өтініш берген. Оның 20-сын бастамашыл топтар, қалған 19-ын саяси партиялар ұсынған.

Кандидаттарды қолдайтын қолтаңбаларды ОСК-ға сайлауға кем дегенде 40 күн қалғанда тапсыру қажет. Жалпы 23 923 қолтаңба (бүкіл сайлаушылардың 0,75%) жиналуы тиіс. ОСК оларды тексергеннен кейін, сайлауға дейін кем дегенде 30 күн бұрын жиналған қолтаңбалар мен құжаттамаларды заң талаптарына сәйкестігін тексеріп, президенттікке кандидаттарды тіркейді. Әзірше тек төрт үміткер толық тіркеуден өтті.

Олар: Михаил Салуашвили («Халық дауысы»: Құдай біздің жол салушымыз» Әділет орнату одағы»), Звиад Багдавадзе («Жаңа Грузия - азаматтық тұғырнамасы»), Шалва Нателашвили (Грузия Лейбористік партиясы) және Давид Бакрадзе («Еуропашыл Грузия - Еркіндік үшін қозғалыс»).