Грузияда шахта жарылып, 10 адам зардап шекті

0
731

Бүгінгі таңда Ткибулиде екі шахта бар - Миндели және Дзидзигури.


Грузияда шахта жарылып, 10 адам зардап шекті

ERNUR.KZ. Жарылыс осыдан біраз уақыт бұрын Ткибулидегі (Имерети облысы) Миндели көмір кенішінде болды, деп жазады Zakon.kz.

Mtavari телеарнасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, жарылыстан он шақты кенші зардап шекті, олардың екеуінің жағдайы ауыр.

«Сакнахшири» операторлық компаниясы журналистерге оқиға болғанын және бірнеше адамның жарақат алғанын растады. Қазір компания өкілдері мән-жайды анықтауда.

Бүгінгі таңда Ткибулиде екі шахта бар - Миндели және Дзидзигури. 2018 жылдың шілдесінен бастап 12 жұмысшының өмірін қиған қайғылы оқиғалардан кейін аймақтағы қалған 25 көмір кен орны жабылды.

Ткибулидегі шахталар «Сакнахшири» (Грузуголь) компаниясына тиесілі. Жалпы мұнда 1,2 мыңға жуық адам жұмыс істейді, оның жартысы көмір өндіруде жер астында жұмыс істейді.