Индонезияда екі жойқын жер сілкінісі тіркелді

0
935

Үнді мұхитындағы Бату архипелагына 48 арал кіреді. Олардың ішіндегі ең үлкені - Танахбала.


Индонезияда екі жойқын жер сілкінісі тіркелді

ERNUR.KZ. Индонезияда бірнеше сағат айырмашылықпен екі жойқын жер сілкінісі тіркелді, деп жазады tengrinews.kz.

EMSC мәліметтері бойынша, жер сілкінісі 23 сәуірде Кепулауан Бату архипелагы маңында болған.

Алғашқы дүмпу таңертең ерте тіркелген, ал магнитудасы 6,1 болды. Бірнеше сағаттан кейін тағы 5,8 баллдық жер сілкінісі болды. EMSC мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің ошағы 43 шақырым тереңде орналасқан.

Жер сілкінісінің эпицентрі Падангтан батысқа қарай 202 шақырымда, 840 мың халқы бар жерде және Париаманнан батысқа қарай 177 шақырымда, 92 мың халқы бар жерде болған.

Үнді мұхитындағы Бату архипелагына 48 арал кіреді. Олардың ішіндегі ең үлкені - Танахбала.