Индонезияда стадиондағы дүрбелең кезінде қаза тапқан адамдар саны 174-ке жетті

0
821

Жеңіліп қалған команданың жанкүйерлері алаңға лап қойған, полицияға көзден жас ағызатын газ қолдануға тура келген.


Индонезияда стадиондағы дүрбелең кезінде қаза тапқан адамдар саны 174-ке жетті

ERNUR.KZ. Стадион лық толы адам болған. 38 мың орынға шектен асырылып, 42 мың билет сатылған, деп жазады Zakon.kz.

Индонезияда стадиондағы дүрбелең мен жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан кем дегенде 174 адам қаза тауып, 180 адам жарақат алды, деп хабарлайды Reuters.

Жеңіліп қалған команданың жанкүйерлері алаңға лап қойған, полицияға көзден жас ағызатын газ қолдануға тура келген. Бұдан шошып кеткен көрермендер стадионнан асығыс қашып шыға бастаған, салдарынан адамдардың бір-бірін таптау фактісі орын алды.

Жергілікті ауруханалардың бірінің меңгерушісі зардап шеккендердің кейбірі басынан жарақат алғанын хабарлады. Қаза тапқандардың арасында бес жасар бала да бар.

Индонезия Президенті Джоко Видодо билік аталған қайғылы оқиғаны мұқият зерттеп, стадиондардағы қауіпсіздік шараларын қайта қарастыруы керектігін айтты.

Сондай-ақ Джоко Видодо BRI Liga 1 - Индонезия жоғары лигасының барлық ойындарын тоқтатуды бұйырды.

Елдің саясат, құқық және қауіпсіздік жөніндегі министрі Мұхаммед Махфуд стадионда шамадан тыс адам болғанын хабарлады. Оның айтуынша, 38 мың орынға 42 мың билет сатылған.