Иран украиналық ұшақты абайсызда атып түсіргенін мойындады

0
864

Бұдан бұрын қайғылы жағдайға «адами фактор» себеп болғандығы айтылған еді.


Иран украиналық ұшақты абайсызда атып түсіргенін мойындады

ERNUR.KZ. Иран СІМ басшысы Тегерандағы ұшақ апатының себебі АҚШ-тың «авантюризм» салдарынан дағдарыс кезеңінде жасалған қателік екенін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Яғни Иран билігі украиналық ұшақтың байқаусызда атып түсірілгенін мәлімдеді.

Бұл туралы сенбіде Associated Press (AP) ақпарат агенттігі Иран билігінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады. Белгілі болғандай, қайғылы жағдайға «адами фактор» себеп болғандығы айтылады.