Иран украиналық ұшақты қателесіп атып түсірген болуы мүмкін - Канаданың премьер-министрі

0
778

Әуе апатынан Канаданың 63 азаматы көз жұмды.


Иран украиналық ұшақты қателесіп атып түсірген болуы мүмкін - Канаданың премьер-министрі

ERNUR.KZ. Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо Иранда құлаған ұшақтың зымыранмен атып түсірілгені туралы көптеген дәлелдемелер мен ақпараттың бар екенін мәлімдеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ол Иранды сәрсенбіде Тегеран маңында украиналық ұшақтың апатқа ұшырауына кінәлі деп айыптады.

«Бізде ұшақты ирандық зымыран атып түсіргені туралы көптеген дерек көздері бар. Мұны қателесіп жасауы да мүмкін», - деп мәлім етті Джастин Трюдо.

Әуе апатынан Канаданың 63 азаматы көз жұмды.

Трюдоның айтуынша, Боингтің апатқа ұшырауына қатысты сұрақтарға жауап беруді Канада талап етеді. Ол қайғылы жағдайды жан-жақты тексеруге шақырды.

Трюдодан кейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон да осындай мәлімдеме жасады.

Бұған дейін америкалық БАҚ Пентагондағы және Америка мен Ирак барлауындағы ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, сәрсенбіде Тегеранға жақын жерде құлаған украиналық ұшақты ирандық әуе қорғаныс зымыраны қателесіп атып түсіргенін хабарлаған болатын.

Еске сала кетейік, бейсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп апаттың себебі техникалық ақау салдары екеніне сенбейтінін айтты.

Ирандық азаматтық авиация басқармасының басшысы Али Абеджадех БАҚ-та таралған ирандық зымыран туралы ақпаратты қисынсыз қауесет деп атады.