Мұнда соңғы аптада күніне 20 мың адамнан вирус анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Мұндай шешім елде өршіп бара жатқан коронавирусты тезірек ауыздықтау үшін шұғыл қабылданған, деп жазады 24.kz.
Шектеулер 20-дан астам провинцияны қамтып отыр. Кәсіпорындар, мектептер, театрлар мен спорт орталықтары жабылады. Сондай-ақ Рамазан айы кезінде жиналуға тыйым салынбақ. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, Иранның 80 проценттен астамы «қызыл» және «сары» аймақта.
Мұнда соңғы аптада күніне 20 мың адамнан вирус анықталып жатыр. Жалпы коронавирусқа шалдыққандар саны 2 миллионнан асады.
Хасан Рухани, Иран президенті:
- Сіздерге хабарлағым келетіні – бізде індеттің төртінші толқыны басталды. Бұған бірнеше фактор әсер етті. Ең негізгісі – коронавирустың британиялық штаммының таралуы.