Науқастың қазіргі жағдайы тұрақты.
ERNUR.KZ. Коронавирустың «британдық» штамы Иранда да анықталды. Бұл туралы Ислам Республикасының денсаулық сақтау министрі хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Вирус жұқтырған Иран азаматы жақында ғана Ұлыбританиядан оралыпты. Қазір науқас жеке ауруханада ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы тұрақты.
Естеріңізге сала кетсек, Иран 21 желтоқсаннан бастап екі аптаға Ұлыбританиямен арадағы әуе қатынасын тоқтатқан болатын.