Иранның жоғарғы басшысы елдегі наразылықтар туралы алғаш рет пікір білдірді

0
498

Ирандағы кейінгі жылдардағы ең үлкен наразылық толқынына 22 жастағы Махса Аминидің өлімі себеп болды.


Иранның жоғарғы басшысы елдегі наразылықтар туралы алғаш рет пікір білдірді

ERNUR.KZ. Дүйсенбі, 3 қазанда Иранның жоғарғы басшысы аятолла Али Хаменеи елде екі аптадан аса уақыт бойы тоқтамаған ауқымды наразылықтар туралы алғаш рет пікір білдірді, деп жазады tengrinews.kz.

Ол шерулерді ұйымдастырды деп АҚШ пен Израильді айыптап, хиджабтарды жыртып, мешіттер мен полиция көлігін өртеп жібергендердің әрекетін "дұрыс емес" деп атады.

"Мұны жоспарлаған кім? Әлбетте, Америка - өтірікші, басқыншы, сионист режим, төленген агенттермен бірге шетелдегі бірнеше сатқын ирандықтар көмегімен", - деді аятолла Али Хаменеи.


Ирандағы кейінгі жылдардағы ең үлкен наразылық толқынына 22 жастағы Махса Аминидің өлімі себеп болды, Иран полициясы мәліметінше, ол хиджабты дұрыс кимеген. Әйел құқықтарын қорғау шерулерінен наразылықтар тез арада 1979 жылғы Ислам революциясы кезінде құрылған режимді құлату талаптарына айналды. Жергілікті телеарна мәліметінше, кем дегенде 41 адам қаза тауып, тағы 1500 ирандық қамауға алынған.