Елде 27 мыңнан астам науқас көз жұмған.
ERNUR.KZ. Испания елінде коронавирус індетінен қайтыс болғандарды еске алудың онкүндігі басталды, деп хабарлайды Хабар24.
Бұл туралы шешімді 26 мамыр күні ел үкіметі қабылдаған.
Арнайы шараға байланысты 27 мамырдан бастап елдегі барлық мемлекеттік ғимараттар мен ӘТК кемелеріндегі ұлттық ту төмен түсіріледі. Пандемия салдарынан қайтыс болғандар отандастарын еске алу рәсіміне Испания королі Филипп VI қатысады.
«Бұл біздің тарихымыздағы ең ұзақ ресми аза тұту күндері», - деп мәлімдеді Испания премьер-министрі Педро Санчес.
Испанияда COVID-19 індеті кесірінен 283 мың адам ауруға шалдығып, 27 мыңнан астам пациент көз жұмған.