Ит адалдығы: тауда жоғалған бүлдіршінді төбет аман алып қалды

0
3 163

Тауда адасып қалған қызды жанындағы "Макс" деген төбеті 15 сағат бойы күзетіп, жауыннан қорғап, жылытуға тырысқан.


Ит адалдығы: тауда жоғалған бүлдіршінді төбет аман алып қалды

фото © Facebook/Queensland Police Service

Құлағы естімейтін, және көзі жартылай көрмейтін ит адасып кеткен үш жасар қызды түні бойы күзеткен, деп хабарлайды ERNUR.kz life.ru-ға сілтеме жасап.

Аврора есімді 3 жасар қыз түскі үш шамасында жалғыз өзі үйінен алыстап, адасып кеткен. Отбасы ауыл-аймақты түгел іздегенімен, қызды таба алмайды. Келесі күні бүлдіршінді іздеуге 100 шақты ерікті, ауыл тұрғындары мен полиция қызметкерлері қосылады.

Бұл уақытта балақай үйінен әлдеқайда ұзап кеткен еді. Үй таулы аймақта, әрі сол күні ауа-райы бүлініп, үскірік аяз болған. Тауда адасып қалған қызды жанындағы "Макс" деген төбеті 15 сағат бойы күзетіп, жауыннан қорғап, жылытуға тырысқан.

Аврора келесі күні таңғы 8-дер шамасында табылды. Алғаш болып әжесін көрген балақай қорқыныштан жылап жіберді.

-Мен немеремнің даусын естіп, тауға шыға бастадым... Төбенің биігіне жеткенде мені ит қарсы алды да, тіке немереме алып барды, - дейді Аврораның әжесі.

Ал "Макс" енді полицияның құрметті төбеті.

фото © Facebook/Queensland Police Service