Ұзақ уақытқа созылған жаңбыр Орталық Еуропа аймақтарына орны толмас зиян келтіруде. Италияның солтүстігінде 14 өзен арнасынан тасыды.
ERNUR.KZ. Елдің аумағындағы елді-мекеннің біразын көшкіннен су басып, автомобиль мен теміржол көлігінің қозғалысы бұзылды, деп жазады inbusiness.kz.
Тоғыз адам қайтыс болды, кейбірі хабар-ошарсыз кетті. Италиялық БАҚ-тың хабарлауынша, Эмилия-Романья аймағында 36 сағат ішінде алты айлық жауын-шашын мөлшері түскен.
Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істейді. Су басқан үйлерден адамдар қайықтармен және тікұшақтармен шығарылып жатыр.
Қауіпсіздік мақсатында осы демалыс күндері Эмилия-Романьяда өтуі керек болған "Формула-1" гран-при жарысы тоқтатылды.
Италиядан басқа Сербия, Хорватия мен Словенияда қатты жаңбыр басылмай жатыр.