Италияда 40 мыңға жуық адам жарықсыз қалды

0
764

Толассыз жауған қардың қалыңдығы 60 сантиметрге жеткен.


Италияда 40 мыңға жуық адам жарықсыз қалды

ERNUR.KZ. Италияда 40 мыңға жуық адам жарықсыз қалды Италияның солтүстігіндегі Трентино-Альто-Адидже облысында 40 мыңға жуық адам қалың қар салдарынан жарықсыз қалды, деп хабарлайды ktk.kz.

Толассыз жауған қар тау жолдарын басып қалды. Шалғайдағы елді мекендермен байланыс үзілді. Жауған қардың қалыңдығы 60 сантиметрге жетуі мүмкін, көшкін болу қаупі бар. Венеция да табиғи апаттан зардап шегуде. 13 қарашаға қараған түні теңіз соңғы 50 жылдың ішіндегі рекордтық деңгейге -187 сантиметрге көтерілді.

Су тасқыны қала тұрғындарына қиыншылықтар келтіруде, туристер кетіп жатыр. Қалада төтенше жағдай енгізілуі ықтимал.