ERNUR.KZ Италияда егер мектеп оқушылары мұғалімдерді қорласа, айыппұл салынады, деп жазады Stan.kz.
Оқушылар мектеп қызметкерлеріне қатысты агрессия немесе зорлық-зомбылық фактілерін жасаса 500 еуродан 10 мың еуроға дейін айыппұл арқалайды.
Жыл басынан бері мектеп мұғалімдеріне қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары 110%-ға көтерілгендіктен италиялық мектеп директорлары қауымдастығы бұл заңды қолдаған. Деректерге сүйенсек, бұған дейін көптеген жағдайда мұғалімдерге медициналық көмек қажет болған.
"Мінез-құлықты бағалау реформасы жеке жауапкершіліктің маңыздылығын қалпына келтіреді. Адамдарға және қоғамдық игіліктерге құрмет көрсетеді және мұғалімдердің беделін қайтарады", - деді Білім министрі Джузеппе Вальдитара.