Италияда төтенше жағдай режимі жыл соңына дейін ұзартылды

0
2 151

Іс-шараларға бару үшін COVID-сертификаты енгізіледі.


Италияда төтенше жағдай режимі жыл соңына дейін ұзартылды

ERNUR.KZ. Италия коронавирусқа қарсы күресте шектеулерді әлсіретуге ниетті емес. Пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды. COVID-19 таралуына қарсы жаңа шаралар туралы жарлықты ел Үкіметі мақұлдады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Азаматтар үшін жабық үй-жайлардағы мейрамханалар мен барларға, мұражайлар мен кинозалдарға, спорт залдар мен бассейндерге, сондай-ақ мәдени іс-шараларға бару үшін COVID-сертификаты енгізіледі.

Worldometer мәліметтері бойынша Италияда анықталған коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны - 4 302 393 құрайды. Ал, індет құрбандарының саны - 127 920.