Италияның танымал қаласы адамдарға көшеде жүргені үшін айыппұл салады

0
489

Тек серуендеуге тыйым салынған аймақтағы барлар мен мейрамханаларға баруға болады


Италияның танымал қаласы адамдарға көшеде жүргені үшін айыппұл салады

ERNUR.KZ. Флоренцияда туристік көшелерде жүргендерге айыппұлдар енгізілді - ережені бұзған саяхатшыларға 400 (202 мың теңге) мен 1000 евро (шамамен 505 мың теңге) аралығында төлеу керек болуы мүмкін. Бұл туралы The Sun жазады, деп жазады Kaz.tengritravel.kz.

Италияның танымал қаласының билігі пандемия кезінде мәселені шешуге тырысып, танымал туристік аудандарда кешкі серуенге тыйым салды.

Флоренция қаласының мэрі Дарио Нарделла (Dario Nardella) кешкі тоғыздан таңғы алтыға дейін қалада серуендеуге үш күн бұрын тыйым салынғанын растады. Сонымен қатар, шектеу Санто-Спирито көшесінде - мейрамханалар мен түнгі клубтарға келушілердің сүйікті жерінде, сонымен қатар ең танымал алаңдарда — Строцци, Санта-Кроус және Сантиссима Аннунциатта қолданылатыны белгілі.

Тек серуендеуге тыйым салынған аймақтағы барлар мен мейрамханаларға баруға болады. Бірақ айыппұл алмау үшін барда отырғаныңызды растайтын түбіртек көрсету керек.