Италияның тұңғыш әйел премьер-министрі Джордж Мелони ант берді

0
537

21 қазанда Джордж Мелони Президентпен екі рет кездесті.


Италияның тұңғыш әйел премьер-министрі Джордж Мелони ант берді

ERNUR.KZ. Оңшыл "Италия бауырлары" партиясының жетекшісі Джордж Мелони елдің жаңа премьер-министрі болды. Ол 24 министрмен бірге 22 қазанда Италия президенті Серджо Маттареллаға ант берді, деп жазады Zakon.kz.

Жаңа үкіметке үш партия енді: "Италия бауырлары", Маттео Сальвинидің "Лигасы" және "Алға, Италия!", деп жазады Ansa.it.

21 қазанда Джордж Мелони Президентпен екі рет кездесті. Алғашқы таңғы кездесуге ол болашақ коалициядағы екі әлеуетті серіктесі – оңшыл популистік "Лиганың" жетекшісі Маттео Сальвини және Италия саясатының ардагері, бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускони үшеуі келді.

“Джордж Мелониді жаңа қызметімен құттықтаймын. Мен бізді күтіп тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, жаңа үкіметпен бірге сындарлы жұмыс істеуге дайынмын және қуаныштымын”, – деп жазды Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Джорджио Мелони – итальяндық саясаткер, 1977 жылы 15 қаңтарда Римде дүниеге келген. Ол – 2022 жылғы 22 қазанан бастап Италия Министрлер кеңесіне төрағалық еткен тұңғыш әйел.