Израиль әскері Газа секторындағы ең үлкен аурухананы қоршауға алды

0
572

Палестина тарапы ауруханада жүздеген науқас қалғанын алға тартады.


Израиль әскері Газа секторындағы ең үлкен аурухананы қоршауға алды

ERNUR.KZ. Израиль қорғаныс күштері Хамасқа қарсы құрлық операциясы кезінде Газа секторындағы ең үлкен әл-Шифа ауруханасын қоршауға алды, деп жазады stan.kz.

Израильдік әскерилер Газа секторындағы ең үлкен аурухана Әл-Шифа ауруханасының "қақпасында тұр”. Қазір Газада Израильдің палестиналық Хамас қозғалысына қарсы жерүсті операциясы жалғасуда. ЦАХАЛ мәліметінше ХАМАС-тың астыртын штабы аурухана астында орналасқанын айтады. Палестина тарапы ауруханада жүздеген науқас қалғанын алға тартады.

Бұған дейін медициналық көмек және баспана іздеп келген мыңдаған палестиналық гуманитарлық дәліз бойымен Әл-Шифа ауруханасынан шықты. Палестина тарапының мәліметінше, соңғы үш күнде әл-Шифада 32 адам қаза тапқан.

Қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) есебіне сәйкес, әл-Шифада 600-650 бейбіт тұрғын, 200-ден 500-ге дейін медицина қызметкері және 1,5 мыңға дейін босқын бар.

Бұған дейін сыртқы істер министрлігі қазір Газа секторында қанша қазақстандық бар екенін мәлімдеген еді. Бүгін Газа секторындағы қазақстандықтардың жартысы эвакуацияланды.