Кабул әуежайындағы аласапыран кезінде болған атыстан 12 адам қаза тапты

0
559

Reuters агенттігі бұл ақпаратты «Талибан» қозғалысы мен НАТО мәліметтерін негізге ала отырып таратты.


Кабул әуежайындағы аласапыран кезінде болған атыстан 12 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Билік басына «Талибан» өкілдері келгелі Кабулда аласапыран, атыс болып 10-нан астам адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

Агенттіктің хабарлауынша, Кабул әуежайы мен оның маңында болған аласапыран мен атыс кезінде 12 адам қаза тапты.

Бұл ретте Reuters агенттігі «Талибан» қозғалысы мен НАТО мәліметтерін негізге алып отыр.

Осыған дейін тәлібтердің жексенбі күні Ауғанстанды басып алғаны, соның салдарынан үрей билеген ауған халқы елден кету үшін Кабул әуежайына ағылғаны хабарланды.