80-нен астам адам жарақат алған.
ERNUR.KZ. Ауғанстан астанасы Кабул қаласында террорлық актіден 30 адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.
Ауғанстан Бейбітшілік жоғарғы кеңесінің төрағасы Кәрім Халили сөз сөйлеген жиында белгісіз қарулы адамдар оқ атқан. Жиынға елдің премьер-министрі Абдулла Абдулла қатысып отырған. Екі саясаткер де зардап шекпеді.
Куәгерлердің айтуынша, атыс кезінде тәртіп сақшылары жиналғандарға қарата оқ шығаруға мәжбүр болған. Салдарынан 80-нен астам адам жарақат алған.
Кейін атысты бастаған екі адам салынып бітпеген ғимараттың ішіне жасырынған. Бес сағатқа созылған шабуыл кезінде олардың көзі жойылды.
Жақында ғана АҚШ-пен бейбіт келісім жасаған «Талибан» қозғалысының өкілдері, осы шабуылға еш қатысы жоқтығын мәлім етті.