Камчаткада ұшақ апатынан қаза тапқан 19 адамның мәйіті табылды

0
434

Жалпы бортта 28 адам болған. Тірі қалғандар жоқ.


Камчаткада ұшақ апатынан қаза тапқан 19 адамның мәйіті табылды

ERNUR.KZ. Құтқарушылар Камчаткада Ан-26 жолаушылар ұшағы апатынан қаза тапқан 19 адамның денесін тапты, деп хабарлайды Хабар24.

«Қазіргі уақытта құтқарушылар 19 адамның мәйітін тапты. Олардың көпшілігінің жеке басын анықтау үшін генетикалық сараптама қажет болуы мүмкін. Әзірге бір адам анықталды», - делінген.

Жалпы бортта 28 адам болған, оның ішінде алты экипаж мүшесі және екі бала болған. Тірі қалғандар жоқ.

Қазір іздеу жұмыстары жалғасуда.