Балабақша жасындағы 10 баланы отырғызып алған жеңіл көлік жолда келе жатқанда аударылып кеткен.
ERNUR.KZ. Қарақалпақстанда сәбилер мінген көлік апатқа ұшырады. Абырой болғанда кішкентайлардың барлығы дін аман, деп жазады zakon.kz.
Балабақша жасындағы 10 баланы отырғызып алған жеңіл көлік жолда келе жатқанда аударылып кеткен. Салдарынан 3 және 6 жастағы екі сәби мен жүргізуші ауруханаға түсті.
Оқыс оқиға Нөкіс қаласында болды. Қазір мән жайды ішкі істер министрлігі анықтауға кіріскен.
Сәбилерді тасымалдауда өрескел заңбұзушылыққа жол берген жағдай биылғы сәуір айында да тіркелген. Қашқадария облысында жеңіл көліктің бір мезетте 25 баланы тасымалдағаны анықталды.
Жүргізушіге айыппұл салынып, көлік айып тұрағына қойылған еді.