​Қаскөйлер үйге баса-көктеп кіріп, барлығын шетінен кескілей бастаған

0
1 591

Шабуыл салдарынан ерлі-зайыпты мен 20 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды.


​Қаскөйлер үйге баса-көктеп кіріп, барлығын шетінен кескілей бастаған

Қаскөйлер үйге баса-көктеп кіріп, барлығын шетінен кескілей бастаған
Арменияда белгісіз екі адам 62 жастағы ерлі-зайыптының үйіне баса-көктеп кіріп, отбасындағы барлық адамды шанышқылы-кескіш заттармен тілгілеп тастаған, деп хабарлады ERNUR.KZ. sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Shamshyan.com сайтының мәліметінше, шабуыл салдарынан ерлі-зайыпты мен 20 жастағы жігіт ауруханаға жатқызылды.

Қанды оқиға өткен аптада жұмадан сенбіге қараған түні Арменияның Арарат облысында болған. Қаскөйлер ешқандай талап қоймаған: түнгі сағат екінің кезінде үйге баса-көктеп кіріп, тұрғындарға бас салған, содан кейін үйден ештеңе алмастан шығып кеткен.

Зардап шеккендер тірі – дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін ажалмен арпалысып жатыр. Ал полиция қылмыскерлердің кім екенін және мұндай қадамға не үшін барғанын анықтауда. Тергеу жүргізілуде.