Қытайдағы этникалық қазақ Сержан Бағдатұлы «Жұлдызды модельдер» байқауында жеңіске жетті.
ERNUR.KZ. 2018 жылы ол Қытайдың Кайфенг қаласында өткен «Жұлдызды модельдер» байқауына қатысты. Қытайдың әр облысынан сайдың тасындай іріктелген 60-қа жуық қатысушы арасынан сымбатымен, дара өнерімен озып, Сержан бас жүлдені қанжығалаған, деп жазады ktk.kz.
Кескін-келбетімен Қытайды тамсандырып жүрген сері жігіттің бойы 191 см. Сержан Бағдатұлы Шыңжаңдағы әскери институтта оқыған. Кейіннен Ухандағы жоғары оқу орнында дене шынықтыру мамандығы бойынша білімін жалғастыруда.