Сессияға қатысқан 156 мемлекеттің 98-і Қазақстан кандидатурасына дауыс берді. Елімізді қолдаған көптеген делегаттар қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттау үшін еңбек етіп жүрген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия мамандарының кәсіби қасиеттерін және мемлекетіміздің жоғары халықаралық беделін атап өтті.
Париж, 2018 ж. 7 маусымы – Қазақстандық мамандар төрт жыл бойы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Үкіметаралық комитеттің жұмысына қатысатын болады. ЮНЕСКО-ның осы маңызды органына сайлау Материалдық емес мәдени мұраны (МЕММ) қорғау жөніндегі Конвенцияға тарап мемлекеттер Бас ассамблеясының 4-6 маусым аралығында Парижде өткен 7-ші сессиясы шеңберінде өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сессияға қатысқан 156 мемлекеттің 98-і Қазақстан кандидатурасына дауыс берді. Елімізді қолдаған көптеген делегаттар қазақ халқының бай мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттау үшін еңбек етіп жүрген Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия мамандарының кәсіби қасиеттерін және мемлекетіміздің жоғары халықаралық беделін атап өтті.
Сайлау қорытындысымен Қазақстанның ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілдігі Бас ассамблеяға қатысушыларға білдірген сенімдері үшін ризашылық білдіріп, ұлтымыздың мәдени мұрасын бүкіл әлемге таныту жұмыстары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» стратегиясының маңызды міндеттерінің бірі болып табылатынына ерекше тоқтады. Сонымен бірге, МЕММ қорғау Комитетіндегі отандық мамандардың қызметі олардың кәсіби қабілеттіліктерін нығайтып, дүние жүзінде мәдени мұраны қорғаудың теориясына және практикасына өз үлесін қосуларына мүмкіндік береді.
МЕММ ұғымы ауызекі дәстүрлер және мәдениетті танытудың басқа формаларын, орындаушы өнерлер, әдет-ғұрыптар мен мерекелер, табиғат және ғалам туралы нанымдар, дәстүрлі қолөнерге қатысты дағдыларды қамтиды. Ал мұраны қорғау бірніші кезекте оны анықтау, қайта жандандыру, сипаттау, зерттеу, насихаттау және келесі ұрпаққа жеткізу үшін жағдай жасауды қоса ала оның жалпы өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатын білдіреді. МЕММ қорғау жөнінде Конвенция 2003 жылы қабылданып, осы күнге дейін 178 мемлекетпен ратификацияланды. Конвенция мақсаттарын 24 мемлекеттен тұратын МЕММ қорғау жөніндегі Комитет жүзеге асырады. Өзінің жыл сайынғы басқосуларында ол осы саладағы халықаралық және ұлттық деңгейдегі іс-шаралардың тиімділігін қарастырады.
Конвенцияның негізгі құралдарының бірі болып МЕММ бойынша Репрезентативті тізім табылады. Бүгінде Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссияның жанында құрылған МЕММ қорғау жөніндегі Ұлттық комитет мамандарының күшімен тізімге 8 қазақстандық өтінім енгізілді. Олардың арасында - домбырамен күй тарту, қазақша күрес, асық ату, айтыс, киіз үй құру, Наурызды мерекелеу дәстүрлері, саят құстарымен аң аулау және жұқа нан (қатырма / лаваш / юпка / юфка) пісіру өнерлері бар. Тағы да бес өтінім қарастырылуын күтуде.
Осы салада жүйелі негізде атқарылып жатқан жұмыстар төл мәдениетіміз арқылы еліміздің әлемге танылуына және шетелдік туристерді тартуға жол ашады.